Мамандандырылған көмек қажет пе? ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗ! Қазір маманнан консультация алыңыз! Біздің клиника тәулік бойы, аптасына 7 күн жұмыс істейді. Қоңырау шалып, кез келген сұрақ қоюыңызға болады – телефон арқылы консультация тегін!
Есірткіге тәуелділік дегеніміз не?
Нашақорлық-бұл адамның физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқатына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін күрделі ауру. Бұл созылмалы дерт болғандықтан,кешенді және мамандандырылған емдеуді қажет етеді. Оңалту орталығында нашақорлықты емдеу – тәуелділікті жеңіп, адамның денсаулығы мен өмір сүру сапасын қалпына келтірудің тиімді әдісі.
Нашақорлықты емдеу әдістемесі
«Kaz Rehab» клиникасында нашақорлықты стационарлық емдеу жүргізіледі. Наркологиялық клиника мамандары көпжылдық тәжірбие мен нашақорлықты емдеудің бірегей әдістеріне сүйене отырып, медициналық және психологиялық көмек көрсетіп, нашақорды қоғамдық өмірге бейімдеу шараларын жүргізеді. Тәжірибе көрсеткендей, нашақорлықтан арылуға тек оқшауланған жағдайда, яғни есірткі қолдануға азғыратын әдеттегі таныс ортадан аулақ болғанда ғана көмек көрсетуге болады.
Нашақорлықты емдеу бағдарламалары
Орталықта нашақорлықты емдеудің кешенді бағдарламалары қолданылады. Олар мыналарды қамтиды: психологпен жұмыс, нашақорлықты емдеуге арналған медикаментозды терапия, физиотерапиялық процедуралар.
Сонымен қатар, нашақорлықты емдеу кезінде пациентке өмірлік белсенділікті қалпына келтіру үшін арнайы диета тағайындалады. Сондай-ақ, жеке де, өзі сияқты салауатты өмірге оралуды мақсат ететін адамдармен топтық деңгейде де моральдық қолдау білдіріледі. Қолдау пациенттің жақындарына да (отбасылық терапия ретінде) көрсетіледі. Өйткені олар нашақорлықты емдеу және оңалту уақытысы аяқталғаннан кейін қалай дұрыс әрекет ету керектігін білуі қажет. Бұл тәуелділікке қайта оралуға жол бермей, көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Нашақорлықты емдеу шарттары
Нашақорлықты емдеу стационардың жайлы пәтерлерінде жүргізіледі. Бөлмелер ыңғайлы жиһаз, кондиционер, теледидар, интернет сияқты барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Заманауи медициналық құрал-жабдықтар, білікті мамандар мен қамқор персоналдар – нашақорлықты толыққанды емдеу үшін тағы не қажет? Тек науқастың дені сау, тәуелсіз әрі өз қалауын басқара алатын адам болуға деген ұмтылысы ғана қажет.
Конфиденциально, анонимно, эффективно с гарантией 100 %. Комфортные палаты, комплексное сопровождение пациентов.
Конфиденциально, безопасно, удобно и эффективно. Каждому наркозависимому — индивидуальный подход.
Круглосуточная поддержка специалистов, индивидуальные программы реабилитации, передовые методики.
Эффективные методики, персональный подход, круглосуточная поддержка специалистов.
Индивидуальные программы реабилитации, поддержка 24 часа в сутки, инновационные методы борьбы с зависимостью.
Передовые методы, комплексное сопровождение и круглосуточная поддержка от квалифицированных специалистов.
Эффективные современные методы, поддержка специалистов 24/7, гарантия конфиденциальности.
Тәуелділікке шалдығатын жастардың жасы жыл сайын жасарып барады, бұл алаңдаушылық туғызады. Жастар нашар компаниялардың және әлеуметтік желілерде марихуана мен алкогольді насихаттаудың әсеріне ұшырауда. Мәселені уақытында түсініп, арнайы клиникаларға жүгіну өте маңызды. Қазақстандағы «Кaz Rehab» орталығы наркологиялық емдеуді анонимді түрде ұсынады және реабилитация курстарын өткізеді.