Мамандандырылған көмек қажет пе? ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗ! Қазір маманнан консультация алыңыз! Біздің клиника тәулік бойы, аптасына 7 күн жұмыс істейді. Қоңырау шалып, кез келген сұрақ қоюыңызға болады – телефон арқылы консультация тегін!
Депрессиялық бұзылыстарды клиникалық емдеу
Депрессия – біздің қоғамдағы психикалық аурулардың ішіндегі ең көп таралған ауру. Бұл дерт ойлау процесінің қалыпты тәртібінің жоғалуымен, пессимистік көңіл-күйдің басым болуымен, өзін бағалаудың төмендігімен, тұрақсыз көңіл-күймен байланысты. Депрессияның пайда болуына адамның өмірінде болған кез келген жағдай не оқиға әсер етуі мүмкін.
Депрессияның негізгі белгілері
Көңіл-күйіміз ұзақ уақыт бойы жоқ болып, ойларымыз шатасып жатса да, оны аурудың белгісі ретінде түсінбеуіміз мүмкін. Депрессияның белгілерін адам әдетте бірден байқай бермейді. Ал тәжірибелі психотерапевт депрессия белгілерін бірден таниды.
Депрессияның негізгі себептері:
Эмоциялық ауыртпалықтар;
Адамның миына ұзақ уақытқа жүк болатын, стресстік жағдай;
Биогенді аминдердің тапшылығы;
Күн сәулесінің жеткіліксіздігі, қараңғы бөлмелерде ұзақ уақыт отыру;
Депрессияға әкелетін дәрілік заттарды қолдану;
Соматикалық аурулар;
Гипотиреоз;
Жақын адамдардың депрессиялық көңіл-күйі.
Депрессияның көріністері
Егер адам осы ауруға шалдықса, дәрігерге дереу қаралу керек. Өйткені, маман депрессияның себебін анықтап, тиісті ем тағайындайды. Дәрігерге барудың қажеті бар-жоғын анықтауға көмектесетін негізгі белгілерді қарастырайық:
Жабырқау көңіл-күйде болу, ең қарапайым нәрселерге де қуана алмау;
Өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы;
Бір нәрсеге зейін қоюдың нашарлауы;
Есте сақтау қабілетінің төмендеуі;
Назар салудың қиындауы;
Өмірдің жағымды сәттерінен ләззат ала алмау.
Сондай-ақ, депрессиялық жағдай пайда болған кезде, адамның ойында үнемі бір ой ацналып тұрады. Ешқандай себепсіз мазасыздық пен күйгелектік мұны айқындай түседі. Мұндай жағдайда ең дұрыс шешім – өзіңізді болашақтағы ауыр салдардан қорғау үшін, депрессияны уақытында емдеуді бастау.
Депрессияны емдеу
Дамыған медицинаның арқасында бүгінгі таңда депрессияны емдеудің түрлі тәсілдері бар. Депрессияны қалай емдеуге болады?
Бұл сұраққа жауап ретінде, дәрі-дәрмексіз өз күйіңді бақылаудан бастап, депрессияға қарсы дәрілерді қолдануға дейін бірнеше әдіс бар. Уақытылы дәрігерге жүгіну, тек қалыпқа келіп, өмірден қуаныш табуға мүмкіндік беріп қоймай, тезірек сауығып кетуге де септігін тигізеді. Депрессияны емдеу әдісін таңдау аурудың жалпы клиникалық көрінісіне байланысты. Бүгінгі таңда депрессияны емдеудің негізгі мынадай әдістері белгілі:
Фармокологиялық (депрессияға қарсы таблеткалар);
Физиотерапия;
Депрессияға арналған психотерапия;
Психологиялық білім беру;
Музыкалық әдіс.
Депрессиядан шығу оңай процесс емес. Емделуде жақсы нәтижеге жету үшін, науқас жағдайдың ауырлығын толық түсініп, бұл ауруды мойындауы қажет.
Депрессияның жіктелуі
Депрессияға түскен адамға көмектеспес бұрын, оның себептерін анықтау маңызды. Кез келген ауру сияқты, депрессияның өзіндік даму кезеңдері мен салдары бар. Депрессияның жіктелуі:
– стандартты депрессия: көңіл-күйдің төмендеуі, еріксіздік, мазасыздықпен көрінеді;
– невротикалық: травматикалық жағдайлардың әсерінен пайда болады;
– психогендік: өмірдегі негізгі басымдықтардың жоғалуынан туындайды;
– босанғаннан кейінгі депрессия: эмоционалды тұрақсыздық, тез шаршау және балаға қатысты жағымсыз көзқарастан білінеді;
– циркурлярлық не маусымдық депрессия: өмірге деген қызығушылықтың жоғалуынан, өзін осы әлемге қажетсіз сезінгенде пайда болады;
– эндогендік депрессия: минималды қозғалыс және айналадағы оқиғаларға, адамдарға реакцияның болмауы арқылы білінеді.
Стресс пен депрессияны емдеу, ең алдымен науқастың өз қалауы мен дұрыс қойылған диагнозға байланысты. Депрессиядан құтылуға болады. Қандай жағдайға қарамастан, үмітсіздікке бой алдырмау қажет. Оған кінәлі адам жоқ, мұндай жағдай кез келген адамның басында болуы мүмкін. Біздің наркологиялық орталықта дәрігерге жүгіну арқылы сауығуыңызды тезірек бастауыңызға болады.
Тәуелділікке шалдығатын жастардың жасы жыл сайын жасарып барады, бұл алаңдаушылық туғызады. Жастар нашар компаниялардың және әлеуметтік желілерде марихуана мен алкогольді насихаттаудың әсеріне ұшырауда. Мәселені уақытында түсініп, арнайы клиникаларға жүгіну өте маңызды. Қазақстандағы «Кaz Rehab» орталығы наркологиялық емдеуді анонимді түрде ұсынады және реабилитация курстарын өткізеді.