Whatsapp

Алкоголизмнен кодтау

Алкоголизм – медицинаның да, қоғамның да араласуын талап ететін ХХІ ғасыр дерті. Бұл дерт күн сайын жүздеген адамды өлімге әкеледі. Алкоголизмді емдеудің медициналық әдістерінің арасында алкоголизмге қарсы кодтау әдісі өте танымал.
Алкоголизмнен кодтау – адамның ішімдікке деген физикалық және психологиялық тәуелділігін блоктау. Кодтау арқылы науқас ішімдіктен бас тартып, ұзақ уақыт бойы оған деген құштарлықты сезінбейді. Көбінесе пациент осы мәселенің маңыздылығын қорқыныш арқылы түсінеді және кодтау жүйесі осыған негізделген.
Бүгінгі таңда бұл қызмет қолжетімді болғандықтан, кез келген адам пайдалана алады.

content

Алкоголизмнен кодтау әдістері

Алкоголизмнен кодтау тиімді әрі жақсы нәтиже беретін көптеген әдіске ие. Біз тәжірибеде кеңінен қолданылатын бірнеше тиімді емдеу әдісін қарастырамыз.
Дәрі-дәрмекті қолдану. Арнайы таблеткаларды, иньекцияларды және тігістерді қолдана отырып, науқастың ішімдіктен жиренуін немесе ішкен алкогольдің әсерін сезбеуін қамтамасыз ету. Бұл әдіс маскүнемдіктің кез келген кезеңінде тиімді болады. Дәрілердің әр түрлі дозалары мен қолдану түрлері бар. Дәріханаларда оларды оңай сатып алып, маманнның бақылауымен емдеуді бастауға болады.
Психологиялық. Бұл әдіс адамның санасына психологиялық әсер ету арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда алкоголизмнен кодтау мамандары Довженко, Рожнов және Малкиннің әдістемелерін қолданады.
Гипноз. Бұл әдіс бойынша кодтау тәсілдері қатаң құпияда сақталады. Алайда, гипнотерапияның екі түрі бар екені белгілі – жасырын және директивті гипноз. Маскүнемдікке қарсы кодтаудың бұл әдісі адамның санасы мен іс-әрекетіне зиян келтірмейді. Гипнотерапевттің айтқан сөздері пациентке белгілі бір мақсатты орындауға мәжбүрлейтін нұсқау ретінде әсер етеді.

content

Маскүнемдікті кодтаусыз емдеу

Есірткіні қолдану қоғамда халықтың наразылығын тудырса, алкогольді ішімдік ішу әлі де қалыпты әрі мақұлданған әрекет саналады.
Достар арасында мерекелік жағдайда ішілген бір бөтелке сыра не шарап оның болашақта үлкен тәуелділікке айналуы мүмкін екенін ойлантпайды.
Маскүнемдікті емдеу – бұл дәрі-дәрмек пен психологиялық әсерлер арқылы ішімдіктен бас тарту процесі. Емдеудің міндетті кезеңі – толыққанды өмірге оралумен одан әрі де реабилатациядан өту.

content

Ішімдікке тәуелділіктің себептері

Теледидардан, билбордтардан, ғаламтордан алкогольді ішімдіктерді насихаттау халықты үздіксіз ішімдікті тұтынуға итермелейді. Осының салдарынан бұл ауруға бейім адам көбейіп барады. Есеңгіренген мас адам өзін бақылау қабілетін жоғалтып, осал болады және өмірін ішімдіксіз елестету мүмкін емес деп санайды. Дамуға, жұмыс істеуге, жақындарымен бірге уақыт өткізуге қызығушылығы жоғалып, тек ішімдіксіз өмірдегі ауыр күйдің ғана сезімі қалады.
Бір тәуелділікті екіншісіне айырбастау мәселені шешпейді, тек одан да күрделірек мәселелердің пайда болуына итермелейді.
Әртүрлі маңызды не қарапайым өмірлік оқиғаларды алкогольді ішімдікпен тойлау дәстүрі кең таралғаны соншалық, жұртшылық ішімдікті маңызды деп санап, оның салдары мен ауқымын көп ойланып жатқан жоқ. Кез келген мерекені үстел ортасындағы ішімдіксіз тойлауды елестету қиын. Шарап, арақ не шампан болсын – бұл маңызды емес, бәрібір. Ішімдікті тұрақты ішу әдетке айналып, соның нәтижесінде адамдарға арнайы емдеу мекемелері мен мамандарының көмегі қажет болады.

content

Неліктен алкоголизмді өз бетінше емдеуге болмайды?

Алкогольге тәуелділіктен түбегейлі өздігінен арылу іс жүзінде мүмкін емес!
Көп жағдайда, бір ай, бір не екі жылдан кейін адам ішімдікке қайта оралады. Маскүнемдіктен толық арылу тек мамандандырылған клиникаға жүгінгенде ғана мүмкін болады. Біздің тәжірибелі дәрігерлердің қолынан әр түрлі жағдай мен қиындықтағы жүздеген адам ем алды. Бұл бізге дұрыс емдеу курсын тағайындау мен тәуелділіктен толық айықтыруға мүмкіндік береді.
Есіңізде болсын: Маскүнемдікті өз бетінше емдеу жағдайды тек ушықтыруы мүмкін.
Тіпті адам ішімдікті тастаған болса да, қаржылық қиындықтар, жақын адамының қайтыс болуы не сүйген адамымен айырылысу сияқты қиын жағдайлар оны ішімдікке қайта әкелуі мүмкін. Бірақ бұл жолы тәуелділік әлдеқайда ауыр болуы ықтимал. Сонымен қатар, адамның ағзасы токсикалық заттардың әсеріне ұшырап, уақыт өте келе олармен күресуді тоқтатып, оларды қалыпты жағдай ретінде қабылдайды.

content

Біздің клиникада алкоголизмді кодтаусыз емдеудің ерекшеліктері

Біз алкоголизмді емдеуде айығудың ең жоғары нәтижелі деңгейін ұсынамыз. Өзіміздің ерекше әдісімізді әзірледік. Ол тек дәрілік емдеуге ғана емес, сонымен қатар ағзадан токсиндерді шығаруға, науқасты қалпына келтіру процесіне де бағытталған.
Біздің емдеуден өткен науқастардың 90%-дан астамы алкогольге тәуелділік жолына қайта түспейді.
Көп нәрсе адамның қалыпты өмірге қаншалықты дұрыс оралуына байланысты. Біз тиімді емдеуден басқа, адамның бұрынғы өмір салтына оралуға деген құлшынысының болмауының да маңызды екенін түсінеміз. Ағзаны улы қалдықтардан тазартып, жалпы жағдайды қалыпқа келтірумен қатар, оңалту орталығы науқастың қоғамға қайта бейімделуіне және қайтадан тәуелділікке ұшырамауына көмектеседі. Кодтау мен психологиялық әсер ету әдістері көп жылдар бойы түрлі клиникаларда тиімді қолданылып келеді. Ал, науқасты туыстары мен жақындарының қолдауы емдеуді толық нәтижеге жеткізуге кепілдік береді.
Маскүнемдер өз өмірін улау арқылы жақындары мен туыстарының өмірін төзгісіз етеді.
Науқасқа ішімдікке салынудың кесірінен көптеген маңызды нәрселерден: отбасымен жақсы қарым-қатынастан, абыройлы жұмыстан, мансаптан және қаржылық тұрақтылықтан айырылғанын жеткіземіз. Біздің емнен кейін, науқас ішімдіксіз өмірдің көптеген мүмкіндіктер беретінін түсіне бастайды. Пациент өзінің өмірінде жаңа мақсаттар пайда болғанын ақыры түсініп, өзі үшін бағалы дүниелерді айқындап, құндылықтарын қалыптастырады. «Kaz Rehab» оңалту орталығы бірнеше жылдар бойы кез келген күрделі дәрежедегі маскүнемдікті емдеуге болатынын дәлелдеп келеді.

content

Алкоголизмді сәтті емдеудің 5 қадамы

Науқастың проблеманың бар екенін мойындауы;
Өзі қалап, өз еркімен мамандандырылған клиникаға бару;
Емдеу курсынан өту;
Оңалту және қоғамға қайта оралу;
Өмірлік құндылықтар мен басымдықтарды қайта қарау.

content

Алкоголизмді қашан емдеу қажет?

Біздің клиникадағы алкоголизмді емдеудің заманауи әдістері оннан астам отбасыны құтқарды. Біз көптеген маскүнемнің толыққанды өмірге қайта оралуына себепкер болдық. Бұл біздің қызмет көрсетуіміздің сапалы әрі маңызды көрсеткіші деп санаймыз.
Алкоголизмді емдеуді жағдай ушып кетпей тұрғанда, алғашқы сатыларында бастау қажет.

content

Алкоголизм және оның алғашқы белгілері

Маскүнемдік – адамның ішкі жан дүниесін психологиялық жағынан да, физикалық жағынан да бірте-бірте жойып жіберетін дерт. Бұл адамдарды ойланбаған, теріс әрекеттерге итермелейтін ауру. Адам бірден маскүнемге айналмайды – тәуелділік жылдар бойы дамып, толық көрінісін көрсетпейінше байқалмауы мүмкін.
Сондықтан, тәуелділіктің алғашқы белгілері пайда болғанда, тым кеш болмай тұрып, оған қарсы күресті бастау керек. Ғасырлар бойы той-думандарда арақ ішіп, оны әдетке айналдыру дәстүрі адамдарды маскүнем етпейді. Әрқашан бірге отырып, ішіп, әңгімелесу – қалыпты жағдай.
Егер ішкен алкогольді ішімдіктердің әсерінен таңертең бас ауырып, жүрек айнымаса, алаңдауға негіз жоқ. Бірақ таңертең ес жиып, мас күйінде бас көтеру қиын болса – бұл алаңдатарлық жағдай. Тәуелді адам өзін бақылауда ұстау алмайды, әркез ішкен сайын абстиненттік синдромды жеңу үшін, көп мөлшерде ішімдікті қажет етеді. Бұл жақын адамдармен мағынасыз жанжалдарға әкеледі.
Алкогольге тәуелділікті өз бетінше жеңу қиын. Оған арнайы жоғары білікті медициналық көмек қажет. Ал оны «Kaz Rehab» клиникасының дәрігелері ұсынады.

content

Лечение алкоголизма в Астане

Комплексная терапия на любой стадии развития патологии. Комфортные условия, квалифицированные врачи.

Спасение от алкоголизма в Алматы

Индивидуальный подход, эффективные методики, удобные палаты и полная конфиденциальность.

Лечение от алкоголизма в Шымкенте

Комплексная терапия, гипноз, кодирование, детоксикация для полного избавления от зависимости. Проводится социальная реабилитация пациентов.

Избавление от алкоголизма в Атырау

Персональный подход, комплекс эффективных мер для лечения от тяжелой зависимости. Анонимность, комфортные условия в палатах, реабилитация.

Лечение алкоголизма в Актобе

Инновационные методы, гарантии результата, комфортные условия и деликатный подход к каждому пациенту.

Избавляем от алкогольной зависимости в Павлодаре

Эффективные методы комплексной терапии, конфиденциальность и анонимность гарантированы.

Лечение алкоголизма в Караганде

От детоксикации до кодирования и реабилитации. Вас ждут удобные палаты, персональный подход, деликатное отношение и полная анонимность.

Пациенттердің тарихы
contact
Жақындарыңызды бізге сеніп тапсырыңыз!

Тәуелділікке шалдығатын жастардың жасы жыл сайын жасарып барады, бұл алаңдаушылық туғызады. Жастар нашар компаниялардың және әлеуметтік желілерде марихуана мен алкогольді насихаттаудың әсеріне ұшырауда. Мәселені уақытында түсініп, арнайы клиникаларға жүгіну өте маңызды. Қазақстандағы «Кaz Rehab» орталығы наркологиялық емдеуді анонимді түрде ұсынады және реабилитация курстарын өткізеді.

person
phone